Алматының бірнеше аудандарында ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады

Алматының бірнеше аудандарында ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан бастап Бостандық, Түрксіб, Жетісу және Наурызбай аудандарында ақылы тротуар тұрағына минуттық ақы төленеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Бостандық ауданында 9 аймақ және 710 автотұрақ болады, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 45 орын бар.Түрксіб ауданында 1 аймақ, 305 тұрақорын, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 15 орын бар.

Жетісу ауданында 2 аймақ, 201 тұрақорын және мүгедектігі бар адамдар үшін 20 орын бар. Наурызбай ауданының 1 аймағында 75 тұрақорынбар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 2 орын жұмыс істейтін болады.

«Алматыпаркинг» КМК ыңғайлы болу үшін «Алматы тұрақтары» мобильді қосымшасын пайдалануды ұсынады.         

Ақылы тротуар тұрағының жұмыс режимі күн сайын сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін. Бір сағаттың құны - 100 теңге.        

Автотұрақ үшін алдын ала төлемді келесі тәсілдермен жасауға болады:

- «Алматы автотұрақтары» мобильді қосымшасы арқылы минут сайын. Бұл қосымшаны телефонға Play Market және Apple Store  жүктеуге болады;

-  almaty-parking.kz сайтында;

- Kaspi.kz. мобильді қосымша арқылы ақпараттық тақташалардағы QR-код бойынша

- Kassa 24 терминалы;          

Сондай-ақ, Kcell, Activ, Beeline, Tele2, Altel абоненттерінің 1309 нөмірі бойынша SMS хабарлама жіберу арқылы мобильді шоттың балансынан тұрақ ақысын төлеу мүмкіндігі бар. Төлем үшін тақтайшада көрсетілген тұрақ нөмірін, авто нөмірін және «*» белгісі арқылы сағат санын көрсету қажет. Мысалы, 6021*123АА02*1.           

Бүгінгі таңда коммуналдық кәсіпорын екінші деңгейдегі банктер (Halyk bank, CenterCredit, RBK, Jusan және Forte bank) арқылы QR-төлемді интеграциялау арқылы төлем әдістерін ұлғайту мүмкіндіктерін белсенді әзірлеуде.            

Еске салсақ, 11 қыркүйекте Медеу ауданында және 11 желтоқсанда Алмалы ауданында ақылы тұрақ жүйесі іске қосылды. Бұл ретте қаладағы алаңдық үлгідегі тұрақтар штаттық режимде жұмыс істейді.           

Бұзушылықтарды тіркеу автоматты режимде, мобильді кешендерде (арнайы авто) жүреді.

Алматы паркинг КМК атап өткендей, резиденттік келісімдер мен абонементтерді ұйымдастыру мәселесі әзірленуде. Алматы қаласының ақылы тұрақ аймағының шекарасында көлік құралдарын тегін тұраққа қою құқығына азаматтардың жеңілдетілген санаттары ие. Өтініштер ONLINE   eOtinish сервисі арқылы, Almaty-parking.kz сайттағы сілтеме бойынша қабылданады немесе көрсетілген құжаттар пакетін мына мекенжайға  жіберіледі: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байсейітова көшесі, 40, тұрғын емес үй-жай 71, 5 кабинет. Call-орталық: + 7 (727) 390-8000 күн сайын таңғы 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді