Елімізде Сбербанк картасының жұмысы шектеледі

Елімізде Сбербанк картасының жұмысы шектеледі
Сурет: Akket.com

Қазақстан Сбербанкі MasterCard пен Visa карталары бойынша ішінара шектеулер енгізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«18 наурыздан бастап MasterCard, 20 наурызда Visa карталары бойынша ішінара шектеулер енгізіледі. Атап айтқанда, Сбер карталарынан басқа банктердің картасына ақша аудару жағынан шектеу болады. Басқа банктердің банкоматтарынан ақша алынбайды. Ал Сбербанк желісінің өз ішінде барлығы сол күйінде қала береді», – деді банк мамандары.

СберБанктің барлық картасы (Visa и MasterCard) бойынша басқа ешқандай шектеу болмайды. Қазақстан бойынша және банктің өз ішінде істей береді.

«Сондай-ақ, бұрынғыдай СберБанктің POS-терминалдары арқылы төлем жасай беруге болады. Банкоматтарда ақша беріледі. Sber KZ мобильді қосымшасында аударымдар мен төлемдер жасалады», – дейді банк қызметкерлері.

СберБанкте МИР және China Union Pay төлем жүйелері бойынша карта ашуға мүмкіндік бар.