Алматының алмасы әлемде ұлттық брендке айналуы мүмкін

Алматының алмасы әлемде ұлттық брендке айналуы мүмкін
Сурет: Мassaget.kz

Аймақ бүкіл Қазақстанды қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттаушы елге айналады.

Бұл туралы Алматы облысына сапары барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Тоқаевтың айтуынша, бұл бағыт дұрыс дамыса, аймақ бүкіл Қазақстанды қамтамасыз етіп, тіпті экспорттаушы елге айналады.

«Алматымен көршілестік те - қолайлы факторлардың бірі. Бүгінде менің тапсырмам бойынша мегаполис айналасында азық-түлік белдеуін дамыту бағдарламасы әзірленуде», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

- Жобаның сәтті жүзеге асуы ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына септігін тигізеді, - деп қосты Президент.

Тоқаев 19 қазанда Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Елбасы Қонаев қаласын дамыту жөнінде тапсырма берді.