Алматының эпидемиологиялық жағдайы қандай?

Алматының эпидемиологиялық жағдайы қандай?
Сурет: 24.kz

Эпиджағдай: қалада вирус жұқтырғандардың дені - жастар

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполистегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жыл басынан бері Алматыда коронавирус жұқтырудың 156 мың жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте 309 адам вирус жұқтырды. "Дельта" штамы шыққанда, күніне 1700-ге дейін жағдай тіркелетін, қазір - тәулігіне 300-350. Коронавирустың таралуы базалық болжамға сәйкес инфекциялардың төмендеу динамикасында тұрақтануды жалғастырып жатыр», - дейді ол.

Спикердің айтуынша, сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 121-ден 113-ке дейін төмендеді. Ал тәулік өсімі 0,22-ден 0,18-ге азайды.

«Инфекциялық берілу индексі 0,9 деңгейінде сақталып отыр. Қазіргі таңда қалада иммундау көрсеткіші - 54 пайыз. Қалада вирус жұқтырғандардың ең көбі - 20-39 жастағылар»,- деді Жандарбек Бекшин брифингте.