Президент Республикалық аналар кеңесіне қолдау көрсету қажеттігін айтты

Президент  Республикалық аналар кеңесіне қолдау көрсету қажеттігін айтты
Сурет: Inform.kz

Республикалық аналар кеңесіне жан-жақты қолдау көрсету қажет

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Төртінші – Қазақстан халқы Ассамбелясын одан ары дамыту. Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары ауқымды этносаралық коммуникацияға жол ашуы керек. Республикалық аналар кеңесінің құрылуы осы бағыттағы маңызды қадам», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президентінің атап өтуінше, кеңес еліміздегі бірлік пен татулыққа негіз болып отырған құндылықтарды жастардың санасына сіңіруге атсалысады.

«Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген аталы сөз бар. Ұрпаққа отбасында дұрыс тәрбие беру керек. Бұл - айрықша маңызды міндет. Сондықтан Республикалық аналар кеңесіне жан-жақты қолдау көрсету қажет»,- деді Мемлекет басшысы.