Алматылық онкологтар 56 жастағы әйелдің өмірін сақтап қалды

Алматылық онкологтар 56 жастағы әйелдің өмірін сақтап қалды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

4 сағатқа созылған ота сәтті өтті.

Операциядан кейінгі кезең ешбір қиындықсыз өтіп, денсаулығы қанағаттанарлық жағдайдағы науқас 14-ші күні ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы онкологиялық орталығының дәрігерлері ауыр диагнозбен 1965 жылы туған әйелге ота жасады: бауырда, ұлтабардың түсу бөлігінде ІІІ дәрежелі жоғары көтерілетін тоқ ішектің қатерлі ісігі, паранефральдік майлы өзек. Илеоколика вена тромбозы.

«Тексеру кезінде науқаста ісіктің ыдырауы да анықталды. Жабық ішек перфорациясы. Токсикалық-анемиялық синдром. Ауыр анемия. Пациенттің жай-күйі өте қиын болды», - дейді орталықтың онколог-хирургы Нұрлан Балтаев.

Орталықтың онкологтары күрделі бірегей ота жасады: лапаротомия, оң жақта гастропанкреатодуаденальды резекциямен кеңейтілген біріктірілген гемиколэктомия, бауырдың VI сегментінің резекциясы, оң жақтағы паранефральдік майлы тіндердің резекциясы, илеоколиялық венаның тромбоэктомиясы, лимфодиссекция.

Өз кезегінде онкологтар Алматы тұрғындарын тіркелген жері бойынша қалалық емханаларда белсенді түрде тегін скринингтен өтуге шақырады, өйткені мегаполисте скрининг пен онкологиялық науқастарды ерте диагностикалаудың артуы арқасында қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім төмендеді. Кейінгі кезеңдерде аурудың белгілері пайда болған кезде және ісіктің таралу ықтималдығы болса, ауруды емдеу күрделене түседі.