Еуропа қалаларында Қазақстан киносының фестивалі басталды

Еуропа қалаларында Қазақстан киносының фестивалі басталды
Сурет: Kazakhfilmstudios.kz

Аталған мәдени іс-шара 16 желтоқсанға дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай бұл  шараны Қазақстан кино қауымдастығы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақфильм» киностудиясы баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, биыл аталған мәдени іс-шара Париж, Страсбург, Брюссель және Люксембург қалаларында өтеді.

 Іс-шараға фестивальдің елшісі атанған белгілі актриса, 71-ші Канн кинофестивалінде «Үздік актриса» жүлдесіне қол жеткізген Самал Еслямова және фестивальдің құрметті президенті, белгілі режиссер Сергей Дворцевой қатысады.

Фестиваль шеңберінде мына туындылар халық назарын ұсынылатын болады:

- «Қазақ тілі сабақтары», режиссері Ермек Шынарбаев;

- «Алла – Восточная жемчужина Диор» деректі фильмі, режиссері Берлин Иришев;

- «Сары мысық», режиссері Әділхан Ержанов;

- «Өркениет тарихы» қысқаметражды фильм, режиссері Жаннат Алшанова;

- «Уақыт жолдары» фильмі, режиссерлері Ерлан Нұрмұхамедова (Қазақстан) және Лиза Такеба (Жапония) ;  

- «Жұлдыздар тоғысқанда», режиссері Сергей Снежкин.

Фестивальдің жабылу салтанатында белгілі кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сатыбалды Нарымбетовті еске алу кеші өтеді, сонымен қатар режиссердің «Аманат» фильмі көрсетілетін болады.