Алматылықтарды арзан пәтер әперемін деп алдаған алаяқ ұсталды

Алматылықтарды арзан пәтер әперемін деп алдаған алаяқ ұсталды
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Алаяқ 25-тен аса адамды сан соқтырған. 

Алматыда тұрғындарды кепілсіз несие және мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беремін деп алдаған 55 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Солтүстік Қазақстан облысының тумасы 25-тен аса адамды сан соқтырған. Сондай-ақ, күдікті екінші деңгейлі банктерден ақшалай несие және төмен пайызбен көлік алуға уәде беріп, қомақты ақша алып отырған. Мәселен, ол көлік сатып алушыдан 1 миллионнан аса, пәтер алып беру үшін 3,5 миллион теңге алған.

Қамауға алынған әйел бұған дейін алаяқтық жасағыны үшін сотты болған. Енді оның үстінен тағы да қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.