Алматылықтар жер сілкінісін сезді

Алматылықтар жер сілкінісін сезді
Сурет: Ашық дереккөзі

Зілзала ошағы Алматы қаласынан 261 шақырым жерде

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«28 қаңтар күні сағат 23:17-де Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Ешқандай зақым болған немесе қираған жағдай байқалған жоқ, ахуал тұрақты. «112» және «101» жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ.

«Қазселденқорғау» ММ мәліметтері бойынша, гидротехникалық құрылыстарда, көшкін және сел жүру қаупі бар учаскелерде бүліну, шөгу және жарықшақтар анықталған жоқ», - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінде.

«Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісінің дерегінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан 261 шақырым жерде, оңтүстік шығысқа қарай Алматы Қырғыз Республикасы аумағында және Қытай шекарасында орналасқан.

Энергетикалық санаты - 13.4 MPV, магнитудасы – 6.2. Тереңдігі – 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша Алматыда 2 -3 балл қуатымен сезілген.