Алматылықтар да абайлықтарға гуманитарлық көмек көрсетуге ат салысты

Алматылықтар да абайлықтарға гуманитарлық көмек көрсетуге ат салысты
Сурет: Inbusiness.kz

Алматылықтар гуманитарлық көмек жинап жатыр.

Волонтерлердің фронт-офисінде қажетті заттар мен өнімдерді қабылдау жұмыстары басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz арнасының таратқан ақпаратына жүгінсек, әзірге зардап шеккендерге және құтқару қызметінің жұмысшылары мен жергілікті тұрғындарға азық-түлік пен гигиена құралдары, көрпе, жастық, тыныс алу маскалары секілді ең қажетті заттар келіп жатыр.

Бұл бастамаға «Қазақстан Еріктілер лигасы», «Медицина жастары» секілді волонтерлер ұйымы ұйытқы болып отыр. Қажетті заттарды қабылдау жұмыстары бір апта жүргізіледі. Егер одан кейін де көмек көрсетем деушілер болса жұмысты жалғастыра береміз,-дейді еріктілер.

«Бұл көмек  Абай облысындағы зардап шеккен халыққа арналған. Гигиеналық құралдарды, құрғақ тамақтарды және балаларға арналған гигиеналық құралдарды, онымен бөлек адамдарға тұруға арналған палаткаларды, жатын мешоктарды жинап жатырмыз», - дейді волонер Зере Мақсұтхан.