Қаңтар оқиғаларынан кейін Алматыдағы сауда және қызмет көрсету саласы қайта қалпына келді

Қаңтар оқиғаларынан кейін Алматыдағы сауда және қызмет көрсету саласы қайта қалпына келді
Сурет: Akchabar.kg

Сауда айналымы қалпына түсті.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, бөлшек сауда көлемі 737,8 млрд теңгені, көтерме сауда айналымы 2,4 трлн теңгені құрады. Бұл туралы 3 мамыр күні қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин брифингте айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Өздеріңізге белгілі, Алматыдағы өңірлік комиссия бизнеске келтірілген залалды дереу өтеуге кірісті. Бүгінгі таңда комиссия жалпы сомасы 11 млрд теңгеден (11 045,9 млн. тг) астам 1499 өтінімді мақұлдады. Зардап шеккен кәсіпкерлердің 95%-ы өтемақы алды. Бүгін олар келушілерге есігін айқара ашып, әдеттегі қызметін қайта бастап кетті. Комиссияның қарауында сараптама жүргізуді, ЖСҚ әзірлеуді және растайтын құжаттарды қалпына келтіруді талап ететін ең күрделі жағдайлар қалды. Бизнеске келтірілген залалды өтеу жұмыстарын ағымдағы жылдың мамыр айында аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Еркебұлан Оразалин. 

Мамандардың айтуынша, тұтастай алғанда, Алматыдағы шағын және орта бизнес өзінің ұтқырлығы мен икемділігіне байланысты жаңа жағдайға тез бейімделе алады. Жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша, біз жеке кәсіпкерлікте жақсы өсу әлеуетін байқадық. Мәселен, жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға өсіп, 217 822 бірлікті құрады. 

«Біздің ең маңызды міндеттеріміздің бірі – кәсіпкерлерге көлеңкеден шығуға көмектесу және азаматтарды белсенді экономикалық қызметке тарту. Ол үшін біз дәстүрлі сауданы заманауи өркениетті форматқа ауыстырамыз», - деді қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.