Алматылықтар Борис Керімбаевты еске алды

Алматылықтар Борис Керімбаевты еске алды
Сурет: Almaty.tv

Командир ауған соғысында арнайы тапсырмаларды орындайтын батальонды басқарған

Алматыда даңқты қолбасшы, қазақтың аңыз адамы Борис Керімбаевты еске алуға арналған республикалық ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

 Іс-шарада жауынгердің ерлігі мен ауған соғысы жылдарындағы естеліктер айтылды. Совет Армиясының командирі 1980-1983 жылдары Ауған соғысына қатысып, арнайы тапсырмаларды орындайтын батальонды басқарған. Сауатты басшылығының арқасында оның сарбаздары аз шығынға ұшырап, шайқастың басым көпшілігінде жеңіске жетіп отырған. Оның ерлігі аңызға айналып, «Қара майор» деген лақап аты тарих бетінде сақталды. Еске салайық, Борис Керімбаев 2019 жылы 71 жасқа қараған шағында өмірден өткен еді.

– Борис Төкенұлы командир, басшы болып отырып, қиын кезде сарбаздардың елге аман келуіне қолбасшы ретінде өзінің сіңірген еңбегі бар. Еліміздің Қарулы Күштерін сарбаздармен толтырмайтын болсақ, қазіргі жасап жатқан жұмыстың бәрі бекер болуы мүмкін. Сол себепті Қарулы Күштерінің қатарына жастарды көптеп тартуымыз керек, – деді «Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» ЗТБ республикалық ұйымы орталық кеңесінің төрағасы Марат Қойлыбаев.