Алматылық полицейлер рейдтік іс-шара жүргізді

Алматылық полицейлер рейдтік іс-шара жүргізді
Сурет: Polisia.kz

Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу, абаттандыру ережелері, қару-жарақты сақтау ережелері, ашылған мүліктік қылмыстар және т.б. бұзушылықтарды анықтау – Алматы қаласының Наурызбай ауданында жүргізілген бір күндік рейдтің нәтижесі.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында ірі базарға жақын орналасқан жеке секторға жергілікті рейдтер жүргізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тек бір көшенің өзінде тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды: ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы (Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібін бұзу) бойынша 54 әкімшілік хаттамалар толтырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Абаттандыру ережелерін бұзу) бойынша 46 бұзушылық анықталды, оның 6-ы заңды тұлғалармен. Қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйінде жүрген 23 адам ұсталды.

Көрсетілген эпизодтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабына сәйкес хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ қаруды сақтау және тіркеу бойынша заң бұзушылықтар анықталды – ҚР ӘҚБтК-нің 486 бабына (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) сәйкес 3 адам жауапкершілікке тартылды.

«Бұл іс-шара ең алдымен, қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесуге, қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайтуға бағытталған. Осындай рейдтер барлық жерде жүргізіледі. Полицейлердің үйлесімді жұмысы – азаматтарымыздың тыныштығының кепілі», – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Жақыпбаев.