Үкімет мүшелеріне Telegram мен WhatsApp пайдалануға тыйым салынды

Үкімет мүшелеріне Telegram мен WhatsApp пайдалануға тыйым салынды
Сурет: ашық дереккөз

Франция премьер-министрі кеңсесінен жіберілген нұсқаулықта үкімет шенеуніктерінен телефондарындағы Telegram, WhatsApp және Signal хабар алмасу қолданбаларын өшіру сұралған, деп жазды Анадолы агенттігі Le Figaro басылымына сілтеме жасап, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Құпия ақпараттар айтылатын кеңестердің «қауіпсіздігін күшейтуге» бағытталған нұсқаулықта үкімет мүшелері Olvid отандық хабар алмасу қосымшасын 8 желтоқсаннан кешіктірмей орнатуы керектігі айтылған.

Құжатта Olvid қосымшасының ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық агенттік (ANSSI) беретін «бірінші деңгейлі қауіпсіздік сертификатын алған жалғыз қосымша» екені айтылған.

Olvid компаниясын 2019 жылы француз киберқауіпсіздік сарапшылары жасап шығарған.