Адами капитал маңызды

Адами капитал маңызды
almaty-akshamy.kz

Бүгінгі таңда әлемді әбігерге салып жатқан «Дельта» штамы жастар үшін де тым қауіпті деп отыр мамандар. Сондықтан ЖОО басшылары әріптестерін және студенттерді жаппай вакцина алуға шақыруда.


Бүгінде Сәтбаев университетінің оффлайн режимінде жұмыс істейтін барлық оқытушысы вакцина алған. «Ұлттық зерттеу техникалық университеті» мәртебесі берілген жалғыз қазақстандық жоғары оқу орнында оқытудың екі форматы бар: онлайн және оффлайн.

«Бұл атақ техникалық ғылым саласында озық ғылыми зерттеулер жүргізуге әрі ғалымдардың жаңа буынын қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Біздің университет мемлекеттік даму бағдарламасын іске асыру мақсатында зерттеулердің практикалық компонентін күшейтуге тиіс», – дейді Satbayev University ректоры Мейрам Бегентаев. 

Ол университеттің дамуы туралы айта келе, КВИ індетінің білім беру жүйесіне көлеңкесін түсіргенін де айтты. «Мұғалім білімнің негізгі көзі болудан қала жаздады. Біз сөйлеуден бұрын смартфонды игеретін жаңа буынның пайда болғанына куәміз. Студенттер әлеуметтік желіден іздеген кез келген оқу материалын таба алады. Ал адами капиталды дамыту үшін оқу процесінде студент пен оқытушы байланысы маңызды болмақ. Сондықтан білім сапасын арттыру үшін студенттер партаға оралуы керек. Ал ол үшін вакцина алу қажет», – дейді ректор.