Үндістаннан келген дәрігер «Дельта» штамының қатерлі әсерін атады

Үндістаннан келген дәрігер «Дельта» штамының қатерлі әсерін атады
Сурет: Almaty.tv

Дәрігер қазақстандықтарды өте сақ болуға шақырды.

Ресей, ТМД және Балқан халықаралық қатынастар жөніндегі бастығы, медицина ғылымдарының докторы Вани Акбер «Телемедицина» бағдарламасында үнді коронавирус штамының салдары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv cайтына сілтеме жасап. 

«Дельтадан» емделгеннен кейін постковидтық синдром қалады - бұл қан ұйығыштарының пайда болуы, бұл жүректің ишемиялық аурулары, миокард инфарктісі, ми инсульті. Ешқашан қант диабеті болмаған көптеген адамдарда осы дерт пайда болады. 25-30 жас аралығындағы жастар миокард инфарктісі мен ми инсультынан зардап шегуі мүмкін.

«Үндістанда бүкіл халық бір уақытта ауырған кезде оттегі, дәрі-дәрмектер мен төсек-орындар жетіспеді. Құдайға шүкір, аурудың қатерлі деңгейінен өттік, қазір бізде 50 мың адамнан анықталуда. Бұл өте қиын болды. Науқастардан бас тарту өте қиын болды, өйткені біз өзімізді әлсіз сезіндік. Дәрігерлердің өздері ауырып, қайтыс болды, бұл қауіпті инфекция көптеген адамдардың өмірін қиды. Қазақстанда өте сақ болуға және алғашқы шараларды қабылдауға кеңес беремін», - деді ол.