Биылдыққа 30 мыңнан астам шекара бұзушы қолға түсті

Биылдыққа 30 мыңнан астам шекара бұзушы қолға түсті
Сурет: интернеттен

Бұл ҚР ҰҚК мәлімдемесі.

Құқық бұзушылардың арасында алыс шетелден келген мигранттар да бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақстан шекарашылары жыл басынан бері 30 823 құқық бұзушыны ұстады. Шекара қызметі биыл қараша айында құзыретті органдармен бірге Қазақстан заңнамасын бұзған 5 820 адамды ұстады», делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Оның 28-і шетелдіктер: 11-і қырғызстандық, 9-ы Өзбекстан азаматы, 7 пәкістандық және бір адам Ресей азаматы.

"Тағы 19 шетелдік Қазақстан шекарасын бұзу кезінде ұсталды. Олардың ішінде алты Өзбекстан азаматы, төрт ауған, төрт Йеменнен келген заңсыз мигрант, үш сириялық және бір Тәжікстан мен бір Сьерра-Леоне азаматы бар", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сонымен қатар ҰҚК мәліметі бойынша қараша айында шекарашылар 858 рет мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісінің алдын алды.

"Жалпы салмағы 493 грамм болатын есірткіге қатысты 51 факт, қару-жарақ, оқ-дәрілер бойынша 17 факт, діни әдебиет – 18 факт, құны 26 млн болатын 360 жанар-жағар май фактісі анықталды", - дейді ведомствомамандары.

858 миллион теңгеден асатын халық тұтынатын тауарларды алып өтудің 343 фактісі анықталды. Ал валютаға қатысты жалпы сомасы 760 миллион теңгеден асатын 69 фактінің алдын алған.

Каспийде шекарашылар 26 мәрте браконьерлерді тоқтатты.

"Шекарашылар 252 миллион теңге залалдың алдын алды. Материалдар құқық қорғау және сот органдарына берілді", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Ведомство қараша айында мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілмегенін, барлық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанынын ерекше атап өтті.