Алматыға Саха елінің жұлдыздары келе жатыр

Алматыға Саха елінің жұлдыздары келе жатыр
Сурет: sakhalife.ru

21-23 сәуір аралығында Қазақстандағы Саха (Якутия) Республикасының күндері аясында Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде мәдени-рухани іс-шаралар өтеді. 

21 сәуірде:

14:00 – Якутия халықтарының музыкасы және фольклоры музейі қорынан жасақталған “Ғасырлар үні” жылжымалы көрмесінің ашылуы. 
15:00 – Дарынды музыкант, СР Халық шебері, СР Мәдениет үздігі, Якутияның “Кыл Саха” этникалық музыка ансамблінің солисі Руслан Габышевпен арт-кездесу.

22 сәуірде:

11:00 – Якутияның байырғы халықтары ертегілерінің желісі бойынша қысқаметражды мультипликациялық фильмдер көрсетілімі.
12:00 – “Нюргун боотур стремительный” толықметражды мультипликациялық фильмінің көрсетілімі.
14:00 – СР Еңбек сіңірген әртістері, “Кыл Саха” этникалық музыка ансамблінің және С.Зверев-Кыыл Уола атындағы СР Ұлттық би театрының ұлттық аспаптар оркестрінің солистері Анна және Афанасий Томскиймен арт-кездесу.
15:00 – “Көшпелі музей” деректі фильмінің көрсетілімі.

23 сәуірде:

15:00 – “Кыл Саха” этногруппасының концерті.

Бәріне кіру тегін.