Алматыға Лара Фабиан келеді

Алматыға Лара Фабиан келеді
Сурет: ұйымдастырушылар ұсынған

Бұл әншінің халықаралық ән сапарының бір бөлігі.

25 маусымда Республика сарайында Лара Фабианның жеке концерті өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Концертте әншінің француз, ағылшын және басқа да тілдегі әйгілі классикалық шығармалары орындалады.

Je suis malade, Caruso, Je t'aime, Adagio және I will love сияқты әлемдік хиттерді орындауымен танымал Лара Фабиан тек әнші ғана емес, өз әндерінің сөзін жазған ақын.

Концерттің өтетін орны: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 56, Республика сарайы.

Күні: 25 маусым 2023 жыл

Басталуы 20:00

Билет бағасы: 35 мың теңгеден бастап.

Билеттерді мына жерден  сатып алуға болады.