Алматыда жаңбыр мен дауыл салдарынан 8 ағаш құлады

Алматыда жаңбыр мен дауыл салдарынан 8 ағаш құлады
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда 20 маусым күні болған жаңбыр мен дауыл салдарынан 8 ағаш көліктер мен әкімшілік ғимараттың үстінен құлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Әлеуметтік желіде қала тұрғындары жаңбыр, дауылдан кейінгі құлаған ағаш, қираған көліктердің фото, видеоларын салды.

 «Алматыда жаңбыр мен дауыл өтті. Сол себептен қаланың әр жерінде ағаштар құлады», «Осының барлығына кім жауап береді», «Алматыда бір рет соққан желден біраз адам зардап шекті», деп жазды желі қолданушылар.

photo


 

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 20 маусым күні 112 желісіне ағаштың құлағаны туралы 8 хабарлама түскен (7-і автокөлікке, 1-і әкімшілік ғимаратқа).
Осыған орай Алматы қалалық ТЖД қала тұрғындарына көліктерді ағаштардың астында қалдырмауға және жел күшейген сәтте ғимараттан көп шықпауға (мүмкіндік болса ғимарат ішінде болған дұрыс) кеңес берді.