Алматыдағы мониторингтік топтар 23 мыңнан астам нысанды тексерді

Алматыдағы мониторингтік топтар  23 мыңнан астам нысанды тексерді
Сурет:Almaty.tv

Карантин талаптарын өрескел бұзушыларға қатысты 74 материал сотқа жолданған.

Алматыдағы мониторингтік топтар 31 мамырдан 4 маусымға дейін 82 рейд жүргізді, оның барысында 815 нысан тексеруден өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Тексеру барысында карантиндік шараларды  бұзған 31 (3,8%) нысан анықталды. Оларға  56 хаттама жасалды, оның ішінде заңды тұлғаларға 4 360 915 теңге сомасына 13 айыппұл салынды, Жеке тұлғаларға қатысты маска режимін бұзғаны үшін 1 881 465 теңге сомасына 43 хаттама жасалды.  Арнайы ауданаралық  экономикалық сотына 425-бап 1 Б. бойынша 1 материал берілді: Медеу ауданы бойынша: Ruanysh Grand Hall банкет залы, А.Н. Мұхаметжан ЖК.

Жыл басынан бері мониторингтік топтардың мүшелері 23 мыңнан астам нысанды тексерді, оларда 2200-ден астам карантин шараларын бұзушылық анықталды. Карантин талаптарын өрескел бұзушыларға қатысты 74 материал соттарға жолданды, олардың 54-і бойынша қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Биылғы жылы карантинді бұзушыларға қатысты барлығы 4409 хаттама толтырылды. Олардың ішінде заңды тұлғаларға 402 және жеке тұлғаларға 4007 хаттама толтырылды.