КВИ-мен ауыратын науқастардың жас санаттары қандай?

КВИ-мен ауыратын науқастардың жас санаттары қандай?
Сурет:24 kz

Коронавируспен ауырып жатқандардың 35%-ы - 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтар.

КВИ-мен ауыратындардың 32%-ы - жұмыс істемейтін алматылықтар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Вирус жұқтыру көрсеткіші  отбасылық іс-шараларға қатысу кезінде жұқтыру 2,1%-ға, қоғамдық көлікте 1,7%-ға және сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері және басқа да сауда орталықтарында 0,7%-ға, демалыс саябақтарында, жаяу жүргіншілер көшелерінде 0,2%-ға өскені назар аударуға тұрарлық.

Азаматтардың коронавирус жұқтыруы қоғамдық тамақтану объектілерінде (асхана үлгісіндегі объектілер есебінен), банктерде, пошталарда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында (0,1%-ға) аздап өсті. ASHYQ жобасына қатысушы объектілерде жұқтыру жағдайлары тіркелмеген, онда тек жасыл және көк мәртебесі бар адамдарға ғана кіруге рұқсат етілген.

КВИ-мен ауыратын науқастардың жас санаттары: соңғы 2 аптаның деректері бойынша негізінен 20-дан 40 жасқа дейінгі азаматтар – 35% және 40-тан 60 жасқа дейінгі азаматтар - 26%, олар көбінесе екпе алғысы келмейді. Бұл ретте алдыңғы аптада 40-60 жас арасындағы азаматтар белсенді түрде екпе алуды бастаған. Сондай-ақ 60 жастан асқан адамдар арасында сырқаттану 1%-ға төмендеген.

Жұмыссыз тұрғындар арасында КВИ-дің ең көп тіркелген – 32%, түрлі ЖШС, ЖК, АҚ қызметкерлері – 22%, зейнеткерлер – 19%, оқушылар – 7% және мектеп жасына дейінгі балалар – 5%. Халықтың аталған санаттарының жалпы үлесі 85%-ды құрайды.