Алматыдан шыға берістегі такси ұстаушыларды «Сергек» бақылайды

Алматыдан шыға берістегі такси ұстаушыларды «Сергек» бақылайды
Сурет: Tengrinews.kz

Камералар Төле би даңғылы – Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылы - Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылы - Әшімов көшесіне қойылады.

Алматыдан шығатын негізгі жерлерде такси ұстаушыларды қадағалайтын «Сергек» камералары эксперименталды түрде орнатылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бізді қаладан шығатын негізгі топтардағы қозғалыс жағдайының шиеленісуіне байланысты қалыптасқан жағдай алаңдатады. Такси қызметін көрсететін көлік құралдарының өтіп бара жатқан бөлігін тоқтату мақсатында жол бөлігінде көлік тоқтататын кейбір азаматтар өз әрекеттерімен жол бөлігін жасанды тарылтып, кептелістер мен төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соқтырады, сол арқылы өздерінің ғана емес, басқа жол қозғалысына қатысушылардың денсаулығы, өміріне де қауіп төндіреді», - дейді Алматы қалалық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.