Алматыдан Петропавлға бара жатқан пойызда ер адам қызды зорлықтан құтқарып қалды

Алматыдан Петропавлға бара жатқан пойызда ер адам қызды зорлықтан құтқарып қалды
Сурет: Ашық дереккөз

6637 әскери бөлімінің әскери қызметкері Ерсін Жантөрин Алматы-Петропавл пойызында жолаушыны зорлықтан аман алып қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР Ұлттық ұланы Ерсін Жантөрин 10 ақпанда жолаушылар пойызымен кезекті іссапарынан қайтып келе жатып, сағат 18:00-де бір қыздың жылаған дауысын, "Көмектесіңдер" деп айқайлағанын естіген.

"Ол айқай шыққан купеге барып, біреудің есікті кенет жауып жатқанын байқаған. Есікті күшпен ашып қараса, бұрышта қорқып отырған қызды, ал оның қарсысында қорлық көрсетпек болған ер адамды көрді. Полиция қызметкері ер адамды ұстап, қабырғаға тақады. Тәртіп сақшысы Сарышаған стансасында бұл азаматты полицияға тапсырды", - делінген хабарламада.

Қыздың айтуынша, онымен бір купеде болған ер адам оған таныс емес.

"Оқиға кешке болды. Асханада кешкі ас ішіп болған соң, купеге қайтып бара жаттым. Сол кезде жас қыздың көмекке шақырған айғайын естідім. Купеге кіріп, бір ер адамның қыздың абыройын түсірмекші болғанын байқадым және оны бірден ұстап алдым", - дейді Ерсін Жантөрин.

ҚР Ұлттық ұланы Қарағанды облысының 36 жастағы тумасына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.