Алматыдан Африканың 19 азаматы қайтарылды

Алматыдан Африканың 19 азаматы қайтарылды
Сурет: ІІМ

Олар қалада заңсыз жүрген.

Бұл жолы Алматының көші-қон қызметі Нигерияның 9 азаматын әуе көлігімен тасымалдауды ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Бұлар Қазақстанда жүрген кезінде көші-қон заңнамасын бұзған, атап айтқанда, заңнамада белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпаған. Бұл азаматтар соттың шешімімен мемлекетімізден шығарылған болатын. Айта кетейік, бұл іс-шара бірнеше кезеңнен тұрады", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған Африка құрлығы елдерінің 19 азаматы өз елдеріне қайтарылды.