Бір тәулікте Алматы облысының 194 тұрғыны КВИ жұқтырды

Бір тәулікте Алматы облысының 194 тұрғыны КВИ жұқтырды
Сурет: Liter.kz

Соңғы тәулікте COVID-19 қарсы вакцинаның 1 компонентін 1739 адам, 2 компонентін 3740 адам салдырды.  

Алматы облысының әкімдігінің 26 шілдедегі мәліметі бойынша, облыста КВИ-дің зертханалық расталған 30746  дерегі тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Соңғы тәулікте вирусты 194 адам жұқтырған, өсім деңгейі – 0,6%. Облыстың аудандары бойынша, індет жұқтыру көрсеткіші төмендегідей:

Ақсу ауданында – 4, 
Алакөл ауданында – 22, 
Балқаш ауданында - 4, 
Еңбекшіқазақ ауданында - 24, 
Ескелді ауданында – 5,
Іле ауданында - 15, 
Қарасай ауданында - 7, 
Қаратал ауданында - 5, 
Кербұлақ ауданында – 4, 
Көксу ауданында – 2, 
Панфилов ауданында – 6,  
Райымбек ауданында – 3, 
Сарқан ауданында – 3, 
Талғар ауданында – 31, 
Ұйғыр ауданында – 10, 
Талдықорған қаласында – 45, 
Текелі қаласында - 4. 

Соңғы тәулікте Еңбешіқазақ ауданында 4 жағдай анықталды. Олармен 9 адам байланыста болған. Барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде. 1818 адам стационарлық ем алуда, соның 35-інің жағдайы ауыр. 

Бір тәулікте ауруханаларға 200 адам түсті, 88 адам шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі - 61,2%. 25.07.21 жылғы жағдай бойынша, ПЦР тәсілімен 782768 адам тексерілді, соңғы 3 күнде тексерілген адам саны - 3995.