Алматыдан 903 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 903 шақырым жерде жер сілкінді
сурет: ашық дереккөзден алынды

Зілзала ошағы Ауғанстан аумағында орналасқан.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Жер сілкінісі Алматы уақытымен 12 наурыз күнгі 00 сағат 25 минутта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 903 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.7. MPV тербелісі – 5,1. Тереңдігі – 15 шақырым.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.