Алматыдан 522 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 522 шақырым жерде жер сілкінді
Сурет: Aikyn.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 2024 жылғы 13 наурызда сағат 11:49-да жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 522 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,9. MPV магнитудасы — 4.5. Жер сілкінісінің координаттары – 38,79° с.е. 74,76° ш.б. Тереңдігі — 0 км.

Қазақстан аумағында сезілуі туралы (MSK-64 шкаласы бойынша) ақпарат жоқ.