Алматыдан 358 км қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 358 км қашықтықта жер сілкінді
Сурет: Ашық дереккөз

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 13 қазан күні 7 сағат 8 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 358 км қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.2. MPV магнитудасы - 3.9. Ошағының бағыттары 42.26° с.е. 81.09° ш.б. Тереңдігі – 15 км. Сезілуі туралы дерек жоқ»,-делінген хабарламада.