Дәрігерлер тегін профтексеру жүргізеді

Дәрігерлер тегін профтексеру жүргізеді
Сурет: ашық дереккөз

Институт дәрігерлері алматылықтарды 09:00 мен 13:00 аралығында қабылдайды

9 желтоқсан, сенбі күні сағат 09:00-ден бастап 13:00-ге дейін Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты асқазан, ұйқы безі мен бауыр обырын ерте бастан асқындырмай анықтау мақсатында тегін профилактикалық тексерулер жүргізеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz институттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Тексеруден өтуге ниетті адамдар өзімен бірге жеке куәлігін ала баруы керек. 

"Жақындарыңызды денсаулығы мазалап жүрсе, қаратып алуға болады. Тексерілу қажет деп тапсаңыз, институттың абдоминальды онколог дәрігерлері сізді тегін қабылдайды. Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы керек", – делінген хабарламада. 

Мекенжайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 91 (Орталық стадионға қарама-қарсы).