Алматыдағы мамандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы жабылады

Алматыдағы мамандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы жабылады
Сурет: Inform.kz

Орталыққа қызмет алушылар аз келеді.

19 қыркүйектен бастап Серіков көшесі, 2а мекенжайында орналасқан №3 мамандандырылған ХҚО бөлімі жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Құлагер» шағын ауданының №3 мамандандырылған бөліміне қызмет алушылар аз келеді. Көбінесе автокөлік иелері қызмет алу үшін №1, №2, №5 және №6 бөлімдерге жүгінеді немесе қызметтерді екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы онлайн алады. Аудан тұрғындарының тарапынан автокөлікке қатысты қызметтерге сұраныстың болмауына байланысты бөлім жұмысын тоқтатуға шешім қабылданды» - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.

Осыған дейін Алматы қаласында автокөлік иелеріне арналған 5 мамандандырылған ХҚО жұмыс істеді.

«Енді автокөлік иелері қаладағы 4 мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүгіне алады. Олар «Саялы» ықшамауданы, Аққайнар көшесіндегі № 1 мамандандырылған бөлім, Майлин көшесі, 85 № 2 мамандандырылған бөлім, № 5 мамандандырылған бөлім-Түрксіб ауданы, «Қайрат» шағын ауданы, Құлжа даңғылына орналасқан. № 6 мамандандырылған бөлім - «Кемел» шағынауданы, Ақсуат көшесі, 118, мекенжайында»,- деп атап өтті Абдурасул Кулдашов.