Алматыдағы коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге ауыстырылды

Алматыдағы коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге ауыстырылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қала бойынша жайлы қозғалысты қамтамасыз ету үшін коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, 14 наурыз күні сағат 16.00-ден 15 наурыз күнгі сағат 04.00-ге дейін Алматы қаласында биіктігі 8-10 см қар аралас жауын-шашын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Күндізгі уақытта қар тазалау жұмыстарына 463 бірлік техника, 18 мотопомпалар және 1012 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 89 бірлік арнайы техника мен 320 жұмысшының күшімен көлденең арық желілерін тазарту жұмыстары аяқталуда.

14 наурызда түнгі уақытта 320 м3 қар шығарылды. Қысқы кезеңде барлығы 367,3 тыс. м3 қар шығарылды. 

Қардың түсуіне, жолдың нашар көрінуі және жолдардағы көктайғақ құбылыстарына байланысты автокөлік жүргізушілерінен жылдамдықты азайтуды, тежеуге бірден жүгінбеуді, қашықтықты, бүйірлік аралықты және маневр жасау ережелерін сақтауды сұраймыз. Жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты көліктерді жол жиегіне қоймауға кеңес беріледі. Жаяу жүргіншілер тротуарлармен жүру кезінде абай болулары  тиіс, белгіленген жерлерде көшелерді кесіп өту керек.