Алматыда ғалымның құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

Алматыда ғалымның құрметіне мемориалдық тақта орнатылды
Сурет: Voxpopuli.kz

Сіләмхан Жапарханов – Қаныш Сәтбаевтың шәкірті, еліміздің су ресурстарын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан ғалым.

Алматыда көрнекті ғалымның құрметіне мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы хабарлаған Almaty.tv арнасының ақпаратына сәйкес, Алматыда Қазақстанның көрнекті ғалымы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сіләмхан Жапархановтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды.

«Ол кісі ұлтымыздың тарихын, дәстүрін, мәдениетін терең білетін. Өзі оқытқан шәкірттеріне үлкен мейірбандық танытатын. Рухани дүниесі ерекше бай кісі еді», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Ұлықпан Сыдықов.

«Бүгін – отбасымыз үшін үлкен мейрам. Әкемнің құрметіне тақта орнатып жатыр. Әкімдікке көп рақмет!» – деді ғалымның қызы Райхан Жапарханова.