Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді
almaty-akshamy.kz
25 ақпан күні сағат 10:16-да Алматыда қатты жер сілкінісі болды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі өңделіп жатыр. Жер сілкінісінің ошағы, магнитудасы туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

Өзара әрекет ету алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Полиция басқармасының жедел кезекшісіне қаланың ғимараттары мен құрылыстарының қирауы мен зақымдалуын визуалды тексеру, қираулардың бар-жоқтығына және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмысына мониторинг жүргізу туралы ақпарат жинау үшін ақпарат берілді.

ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 25 ақпанда  Алматы уақытымен 10 сағат 14 минут өткен жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 261 км жерде) болды. Алматыда MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл жер сілкінді, – делінген хабарламада.