Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді
Сурет: ашық дерекөз

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін 8 қараша, сағат 00:09 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 323 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты — 13.3.

MPV магнитудасы — 6.1.

Жер сілкінісінің координаттары — 40,39° c.e. 77,89° ш. б.

Тереңдігі — 15 шақырым.

«Зілзаланың күші Алматы қаласында, Шалкөде, Ұзынбұлақ, Көкпек ауылдарында 2 балл көлемінде сезілген» дейді стансадан.