Алматыда вегетация басталды

Алматыда вегетация басталды
almaty-akshamy.kz

 Жасыл желекті жыл сайынғы биологиялық өңдеу жұмыстары жүріп жатыр

Ағаштардың қалыпты жағдайын сақтау және зиянкестерге төзімділігін  арттыру мақсатында 14 сәуірден бастап қаланың жасыл желегін биологиялық өңдеу жұмыстары басталады, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Зиянкестерге  өңдеуден кейінгі әсерді күшейту үшін биылдан бастап бірінші кезеңде (вегетация басында) емендер төрт рет, теректер екі реттен өңделетін болады. Бұған дейін олар бір рет қана өңделетін, алайда өңдеу реттілігі аздығының тиімсіз екендігі дәлелденді және  ағаштарды сақтап қалуға мүмкіндік бермейтіні анықталды.

Жұмыс барысында адамдарға құстар мен жануарларға зиянсыз, климаттық ерекшеліктерді ескере отырып ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген сертификатталған қауіптілігі төмен классқа жататын (П-4) биологиялық және кейбір кездерде химиялық препараттар қолданылады.

Жапырақ кеміргіш және зең ауруларын қоздырғыш зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстарымен 2,3 млн астам ағашты қамту жоспарланған. Зиянкестер мен аурулардың биологиялық ерекшеліктеріне қарай өңдеу жұмыстары түнде және таңғы уақытта жүзеге асырылады. 

Биыл биологиялық өңдеу жұмыстары әдеттегідей төрт кезеңмен жүргізіледі: 14 сәуірден 20 мамырға дейін; 30 мамырдан 30 маусымға дейін; 10 шілдеден 10 тамызға дейін және 20 тамыздан 20 қыркүйекке дейін.