Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды

Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды
сурет:аrnapress.kz

Жалған куәлік көрсеткен азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Алматыда өзін Антикордың қызметкері етіп көрсетіп келген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылы 6 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Өзіндік қауіпсіздік департаменті Алматы қаласы ПД ӘПБ арнайы батальонының қызметкерлерімен бірлесіп, жолда жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмау мақсатында өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қазіргі қызметкері ретінде таныстырған 1987 жылы туған азамат Ұлан Райды әшкереледі.

Құжаттарды тексеру барысында құқық бұзушы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті қызметкерінің жалған қызметтік куәлігін көрсеткен.

Жалған куәлік көрсеткен азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Осы азаматтың қатысуымен құқыққа қарсы іс-қимыл фактілері бойынша қандай да бір ақпарат болған жағдайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына 1424 немесе 8 (7172) 90-94-08 нөмірі бойынша хабарласуға болады.