Алматыда «Үйде сөйле» халықтық жобасы басталды

Алматыда «Үйде сөйле» халықтық жобасы  басталды
Сурет: 24.kz

Жобаға Қазақстан халқы Асссаблеясы ұйытқы болған. 

Қала ортасындағы тұрғын үйлердің ауласында өткен шараға жергілікті тұрғындар мен қоғам белсенділері және жоба авторлары қатысты. «Үйде сөйле» жобасының негізгі мақсаты - қазақ тілін оқып үйрену және тәжірибеде қолдану, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Яғни осы шараны жүзеге асырып отырған Ассамблея жастары: "Қазақ тілін үйренгісі келетіндерге алысқа бармай-ақ үйдің маңында отырып қазақша сөйлеуге мүмкіндік жасағымыз келді", - дейді.

Жиынға келген белсенділер қазақ тілінде сөйлейтін өзге ұлт өкілдеріне таңырқай қараудың керегі жоқ, мемлекеттік тілді білу - Қазақстан  азаматтарының міндеті. Сондықтан мұндай жобаларды тек Алматыда ғана емес, басқа да өңірлерде жүзеге асыру керектігін айтады. 

«Біздің елімізде басқа ұлттың өкілдері қазақша сөйлесе, әрқашанда бізге қызық болады. Ондай болмау керек. Негізгі біздің мемлекеттік тіліміз. Мемлекеттік тіл болғаннан кейін Қазақстанымыздың, кең байтақ  мемлекетіміздің әрбір тұрғыны ана тілі мен мемлекеттік тілді білу қажет», - дейді қала тұрғыны Мансұр Молдақұл.