Алматыда тұрғындарды алдаған тағы бір риелтордың әрекеті әшкереленді

Алматыда тұрғындарды алдаған тағы бір риелтордың әрекеті әшкереленді
Сурет: Polisia.kz

Клиенттерді алдаған риелтор ұсталды

Алматыда тұрғындарды алдаған тағы бір риелтордың әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісу аудандық полиция басқармасының мәліметі бойынша, А.есімді азаматша пәтерді нарықтық бағадан төмен бағаға жалға беру туралы хабарландырулар салған.

 «Клиенттермен кездесіп, жалға беру шартын жасаған. Сонымен қатар, ол жөндеу жұмыстарына байланысты жаңа қонақтарды орналастырмас бұрын оларға пәтерді көрсете алмайтынына сендіріп, клиенттерден жүз пайыз төлем алған. Ақшаны алғаннан кейін әйел байланысқа шығуын тоқтатқан. Күдікті қамауға алынды. Біздің бөлімшеде алаяқтық фактісі бойынша, ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық іс тергелуде. Істі қарау барысында оның кем дегенде осыған ұқсас тоғыз эпизодқа қатысы болуы мүмкін екені анықталды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 500 мың теңгеден асты», – дейді Жетісу аудандық ПБ бастығының орынбасары Асхат Дәулетияров.

Тергеу кезеңінде ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.