Тұңғыш Президент күнінде Алматыда 81 сәби дүниеге келді

Тұңғыш Президент күнінде Алматыда 81 сәби дүниеге келді
Сурет: Rg.ru

Жаңа туған сәбилер арасында егіздер де бар

Алматыда 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күні сағат 00:00-18:00 аралығында 81 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап

“45 ұл бала, 36 қыз бала дүниеге келді. Барлығы 81 бала дүние есігін ашты. Бір ана егіз бала туды", – дейді баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Тұңғыш Президент күні Қызылорда облысында "алып" бала дүниеге келді. Нәрестенің салмағы 5,4 кг болды.