Алматыда тұрғынға күш қолданып, телефонын тартып алған күдікті ұсталды

Алматыда тұрғынға күш қолданып, телефонын тартып алған күдікті ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Қылмыс Жетісу ауданында, Назарбаев даңғылы мен Тобаяқов көшесінің қиылысында болған.

Арызданушының айтуынша, белгісіз біреу физикалық күш қолданып, IPhone телефонын ашық түрде иемденіп, сол арқылы 600 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Жәбірленушінің сөзіне сүйене отырып, қаскөйдің сұлбасы жасалды. Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталды. Ол 22 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Күдіктінің жеке басы бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілетін болады», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.