Алматыда тұрғын үй арзандады ма?

Алматыда тұрғын үй арзандады ма?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Кезекті жер сілкінісінен кейін осындай болжам көп айтылған.

Алматыда жаңа үйлер 0,2%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ал Астанада үй бағасы түсе бастады, наурызда елордада бірінші нарықтағы үйлер арзандады, ақпан айына қарай 1,1%-ға төмендеді. Жаңа үйлердің бұлай арзандауы алғаш рет 2017 жылдың жазынан бері байқалып келеді. Ал екінші нарықтағы үйлер (бір айда +1,2%) мен жалдау құнының бағасы (+0,5%) көтерілді.    

Ал Алматыда жаңа үйлер 0,2%-ға қымбаттады, қолданыстағы тұрғын үйлер мен жалдау тағы да арзандауда (-0,9% және тиісінше -1,7%). Екінші нарықтағы үйдің арзандауы қатарынан үшінші рет болып тұр, жылдық деңгейде баға наурызда 6,7%-ға төмендеді.   

Жалпы ҚР бойынша динамика мынадай:

Жаңа тұрғын үйлердің бағасы ақпан айына қарай 0,4%-ға төмендеді, әсіресе Атырауда (-4,8%) көбірек,

Екінші нарықта баға 0,2%-ға өсті, күрт өсім Жезқазғанда (+4,8%) болды,

Жалдау құны 0,6%-ға арзандаған, зерттелген қалалардың ішінде бағаның елеулі түрдегі құлдырауы Алматыда болды.