Елімізде үстел теннисінен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГТІК «2021 ITTF KAZAKHSTAN INTERNATIONAL OPEN» ТУРНИРІ ӨТЕДІ

Елімізде үстел теннисінен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГТІК «2021 ITTF KAZAKHSTAN INTERNATIONAL OPEN» ТУРНИРІ ӨТЕДІ
Сурет: Iqplanet.ru

Қазақстанда алғаш рет үстел теннисінен «2021 ITTF Kazakhstan International Open» халықаралық турнирі өтеді

15-19 қыркүйек аралығына жоспарланған дүбірлі дода Қарағанды қаласындағы жаңа «Saryarka» үстел теннис орталығында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Байрақты бәсекеге Австрия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия мен Қазақстаннан 70 -тен астам спортшы қатысады. Жүлде қоры 30 мың АҚШ долларын құрайтын бұл беделді жарыс ITTF халықаралық үстел теннисі федерациясының ТМД елдеріндегі биылғы жалғыз рейтингтік турнирі болып табылады.

Екі Олимпиада ойындарының қатысушысы және ұлттық құраманың көшбасшысы Кирилл Герасименко турнирге Қазақстан құрамасының құрамында қатысады. Турнирді Qazsport телеарнасы мен Халықаралық ITTF федерациясының ресми сайты тікелей көрсетеді.