Солтүстік Қазақстан облысындағы 218 елді мекенде сайлау басталды

Солтүстік Қазақстан облысындағы 218 елді мекенде сайлау басталды
aikyn.kz

Солтүстік Қазақстан облысында бүгін аудандық маңызы бар Мамлютка қаласында және 70 ауылдық округте әкімдердің сайлауы өтіп жатыр. Сайлау облыстың 218 елді мекенінде өтуде.

 Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскиннің өңірлік коммуникациялар қызметінде сайлау учаскелерінің ашылуы туралы өткізген брифингінде сағат 7.00-де барлық 174 сайлау учаскесінде дауыс беру басталған.

Облыс бойынша сайлау бюллетеньдеріне 214 кандидаттың аты-жөні енгізілді. Үш округте бір орынға 2 кандидаттан, 64 округте – 3 кандидаттан және төрт округте – 4 кандидаттан үміткер бар.