Алматыда тоғызқұмалақтан қалалық іріктеу олимпиадасы өтті

Алматыда тоғызқұмалақтан қалалық іріктеу олимпиадасы өтті
сурет: Алматы әкімдігі баспасөз қызметі

Сайысқа 80 оқушы қатысты.

Алматыда тоғызқұмалақ зияткерлік ойынынан қалалық іріктеу олимпиадасы өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, байқауға аудандық іріктеуден өткен 80 оқушы қатысты.

 Қалалық іріктеу олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Жүлделі орындарға ие болған мектеп оқушылары Астанада өтетін республикалық олимпиадаға қатысушы атанады.

«Тоғызқұмалақ жарысының мақсаты – логикалық-математикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, сондай ақ қазақстандық оқушылар арасында ұлттық ойындарды кеңінен насихаттау», - деп атап өтті Алматы әкімдігінде.