Елімізде 1856 адам Конституциялық сотқа шағымданған

Елімізде 1856 адам Конституциялық сотқа шағымданған
сурет: tengrinews.kz

Арызданушылар көбінесе сот шешімдерімен келіспейтін мәселелер бойынша жүгінеді.

Осы күнге дейін Конституциялық сотқа келіп түскен өтініштердің жай-күйі туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Жоғарғы органға барлығы 1856 өтініш келіп түскен, оның 42-сі - сот жаңадан құрылған 2022 жылы жолданған.

Екі өтініш бойынша соттың нормативтік қаулысы қабылданды.

306 өтініш қаралып жатыр, 12-сі конституциялық іс жүргізуге қабылданды. 3 арыз алдын ала зерделену үстінде.

Келіп түскен шағымдардың 23 пайызында құқықтық-нормативтік актілерді немесе оның жекелеген ережелерін заңсыз деп тануды сұраған.

46 пайызы сот шешімімен келіспейтінін жазады.

3,6 пайызы ақпараттың қолжетімсіз екеніне шағымданса, 2,3 пайызы - еңбек және зейнетақымен қамту, 1,6 пайызы - қылмыстық атқару жүйесі саласына қатысты.