Алматыда төбелеске қатысқан 11 адам ұсталды

Алматыда төбелеске қатысқан 11 адам ұсталды
Сурет: Мedia.az

Оқиға орнына полицейлер шұғыл жеткен.

Алматы полициясы жаппай төбелеске қатысқан 11 адам ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жастар арасындағы жаппай төбелес 23 ақпанда кешкі сағат 23:00 шамасында Бостандық ауданында болған.

Оқиға орнына бірнеше патрульдік полиция экипажы шұғыл жетті. Нәтижесінде төбелеске қатысы бар деген күдікпен 11 адам ұсталды, - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.