Рахман АЛШАНОВ, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті: Екпе алудан басқа тиімді жол жоқ

Рахман АЛШАНОВ, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті:  Екпе алудан басқа тиімді жол жоқ
turan.edu.kz/

– Биылғы оқу жылы дәстүрлі форматта басталғалы жатыр. Күз айынан бастап қаламызға шет аймақтан студенттер ағылатыны айтпаса да белгілі. Студенттер келгеннен кейін қалада вирустың жаңа толқыны пайда болмайтынына кепілдік жоқ. Жастар байланыс пен қарым-қатынасты қажет етеді. Бұл – студенттік өмірдің мәні. Сондықтан оқуды толық аяқтау үшін біз барлық студентті вакцина алуға шақырамыз.

Барлық жоғары оқу орнында вакциналау орталықтары ашылды. Онда студенттерге екпе егілетін болады. Сонда ғана оқу орындары қауіпсіз аймаққа айналатыны сөзсіз. Сондай-ақ, антиваксерлер қайғылы оқиғалар болған отбасыларға қарап, олардың қазіргі жай-күйін жете сезінсе екен. Сонымен қатар, баршамызға екпе алудан басқа тиімді жолдың жоқ екенін мойындайтын уақыт жетті.