Алматыда тау баурайларын өрт шалды

Алматыда тау баурайларын өрт шалды
Cурет: Ашық дереккөз

Тілсіз жау сөндірілді.

5 қыркүйекте 16 сағат: 05 минутта өрт сөндірушілер Думан шағын ауданы Аман боктер көшесіндегі 46-үйдің бағытына қарай жіберілді. Келген бойда екі таудың баурайында қураған шөптің өртенгенін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына дереу Төтенше жағдайлар департаменті құрамындағы табиғи өрттерді сөндіру жиынтық жасағынан 38 адам, 8 бірлік техника және Алматы облысы ТЖД-дан 7 адам, 2 бірлік техника жұмылдырылған.
Екі жану ошағы (1 Га және 1,5 Га) орын алды. Солтүстік аумағында резеңке жабындылар орналасқан жеке тұрғын үй секторына өрттің өту қаупі туындады, оларды қорғауға өрт оқпандары жіберілді. Өртті сөндіру жұмыстары беткейлердегі биіктіктің өзгеруімен, жоғары температурамен күрделенді. Өрт сөндіру үшін «Ермак» аспалы өрт сөндіргіштер, шанцты құралдар (шартылдақтар, күректер) қолданылды. Сағат 17:06-да қала тарапынан оқшаулауға қол жеткізілді.

«Таулы-орманды жерлерде өрт қаупінің жоғары болуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын ашық отты пайдаланудан, от жағудан, темекі шегуден және құрғақ шөп пен орылған шөпті өртеуден бас тартуды сұраймыз», -дейді Алматы қаласы ТЖД.

Ауыр зардаптар туындаған жағдайда кінәлі адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін де жеткізді.