Британдық арнайы жасақ Ауғанстаннан әйелдерше киініп алып қашқан

Британдық арнайы жасақ Ауғанстаннан әйелдерше киініп алып қашқан
Cурет: Ашық дереккөз

Бұл «әйелдер» тобын Талибан патрульдері бірнеше рет тоқтатқан. 

SAS бөлімшесіндегі британдық арнайы жасақ әйелдер киімін киіп алып, Ауғанстаннан қашқан. Нәтижесінде олар көптеген елде (соның ішінде Қазақстанда) тыйым салынған «Талибан» қозғалысының содырларын алдап соққан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РЕН.ТВ-ге сілтеме жасап.

Британдық элиталық арнайы күштердің 20-ға жуық жауынгері Ауғанстанның оңтүстігінде қиын жағдайда қалған. Британдық Қорғаныс министрлігі оларды не ұшақпен, не тікұшақпен алып кете алмапты, сондықтан әскерилер Кабулға өз беттерінше жетуге бел буған. 

Тәліптер басып алған Кабул арқылы Хамид Карзай әуежайына жету оларға қиынға соққан. 
Қауіптен сақтанған британдықтар әйелдерше киінуге мәжбүр болып, шариғат заңдарын ұстанатын ауған әйелдерін мұхият бейнелеуге тырысқан. Қашуға бел буған барлық қатысушылар беттерін паранжамен жауып алыпты. Арнайы жасақ әскери жабдықтардың көп бөлігін тастауға мәжбүр болып, олар өздеріне тек қару-жарақ пен оқ-дәрілерді қалдырған. 
«Әйелдер» тобын бірнеше рет Талибан патрульдері тоқтатыпты, бірақ содырлар күдікті ештеңе байқамаған. Нәтижесінде британдық арнайы жасақ әуежайға жетіп алған.